Бүкіл әлем тағатсыздана күтетін “Барселона” - “Реал” арасындағы алғашқы матч қазан айында өтеді деп жоспарланды.
Нақтырақ айтатын болсақ, тартысты кездесу 26 қазан күні жаңарған “Сантьяго Бернабеуде” өтеді.
Жалпы Испанияның қос алыбы өздері арасында барлығы 297 матч өткізіп, соның 109 корольдік клуб басым түссе, 126 Каталон жігіттері жеңіске жеткен. Қалған 62 ойында қос команда арасында жеңімпаз анықталмаған.
“Реал” командасы өз алаңындағы ең маңызды ойынға дейін “Атлетико”, “Қайрат”, “Вильярреал”, “Хэтафе” және “Ювентус” клубарымен кім мықтыны анықтайды.
Біздің серіктес: FONBET