Жарнама
Жарнама

Маусымның үздік қорғаушысы ФНЛ клубтарына керек болмады

25.12.2021, 21:31
Мұның басты себебі де белгілі болды.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малыйдан ресейлік клубтар бас тартты.

31 жастағы Малый өткен маусымның ең үздік қорғаушысы ретінде Сейілдә Байшақов атындағы жүлдеге ие болған еді. Ол Қазақстан чемпионы атанған «Тобылдың» маңызды ойыншысы болды және Премьер-лигада 25 ойын өткізіп, 3 гол соқты. Қостанайлықтар команда көшбасшысын сақтап қалғысы келеді. Ал Малый мансабын Ресейде жалғастырғысы келеді.

Алайда, Қазақстан құрамасының ойыншысына РПЛ мен ФНЛ клубтары қызығушылық танытпады.

Оның қызметі Ресейдің бірінші дивизионындағы үздік клубтар - «Оренбург» пен «Торпедоға» ұсынылды. Бірақ қос команда Малыйды жылдамдығы төмен болғандықтан керек қылмады. Ресейлік клубтар жас және жылдамырақ ойыншыларды іздегенді жөн көреді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров