Жарнама
Жарнама

Маусымның үздік сұрмергені Ефстафий Пехлеваниди атындағы сыйлықпен марапатталады

29.10.2021, 21:06
Бүгін футбол аңызы 61 жасқа толды.
Жарнама
Жарнама

Бүгін, 29 қазанда, отандық футболдың атақты ардагерлерінің бірі Ефстафий Пехлеваниди 61 жасқа толды. Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Ефстафий Алкивиадовичті туған күнімен құттықтай отырып, оның құрметіне жүлде тағайындады.

Пехлеваниди Шымкент қаласында тбилисилік «Динамоның» сапында ойнаған Алкивиад Яковлевич Пехлеванидидің отбасында дүниеге келді. Ефстафий бала кезінен футболға құмар болды, сол себепті уақыт өте келе ол шымкенттік «Металлург» командасында ойыншы ретінде мансабын бастады.  

Ол КСРО чемпионатының жоғары дивизионында алматылық клубтың үздік сұрмергені болып табылады. 1984 жылы Пехлеваниди чемпионаттың үздік 33 футболшысының тізіміне енді. Кейін КСРО құрамасына шақырылды. 

 2017 жылы Пехлеваниди есімі «Қайрат» футбол клубының академиясына берілді. 2020 жылы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Пехлеваниди 2-дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. 

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы маусымның үздік сұрмергеніне Ефстафий Пехлеванидидің есімін беру туралы шешім қабылдады. Осылайша, ағымдағы маусымнан бастап аталмыш марапат Ефстафий Пехлеваниди жүлдесі деп аталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров