Жарнама
Жарнама

Маусымның үздік жартылай қорғаушысы анықталды

23.11.2021, 23:33
«Тобыл» футболшысы Вахид Масудов атындағы жүлдеге ие болды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы маусымды қорытындылауды жалғастыруда. 2021 жылғы маусымның үздік жартылай қорғаушысын анықтау мақсатында OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатында ойнаған клубтың басшылары, бас бапкерлері және команда капитандары арасында сауалнама өткізілді.

Ағымдағы маусымнан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Вахид Масудов атындағы жүлдені тағайындады. Бұл марапат жыл сайын маусымның үздік жартылай қорғаушысына беріледі.

2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Тобыл» мен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Асхат Тағыберген үздік жартылай қорғаушы деп танылды.


Тағыберген өткен маусымда тамаша ойынымен көзге түсіп, OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының алтын медалін иеленді. Ол 23 ойында 4 гол соғып, 6 нәтижелі пас шығарды. OLIMPBET-Қазақстан кубогінде 5 ойынға қатысып, 2 рет мергендік танытты. Сонымен қатар, ол еурокубокте хорватиялық «Хайдуктың» қақпасына шешуші голды соққан еді.


Үздіктер тізімінде екінші орынды «Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Небойша Косович иеленді. OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатында черногориялық ойыншы 24 ойынға қатысып, 4 гол мен 2 голдық пасты өз атына жазды.


Үздік үштікті тәжірибелі ойыншы Жоао Пауло түйіндеді. Бразилиялық легионер маусымды шымкенттік «Ордабасы» сапында бастап, алматылық клубқа ауысқанға дейін ел біріншілігіндегі 14 ойында 8 гол соқты. Ал «Қайраттағы» екінші кездесуінде Жоао жарақат алып қалып, маусымның соңында ғана алаңға қайта оралды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров