Жарнама
Жарнама

Мажарлық жігіттің ғажап голы “Қызылдарды” көшбасына шығарды

01.09.2025, 08:30

Ағылшын Премьер лигасының турдың басты ойынына айналған матчта Доминик Собослайдың айып добынан соққан ғажайып голы "Ливерпульге" "Арсеналды" 1:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінің шыңына шығуға мүмкіндік берді.

Жарнама
Жарнама

Алғашқы 45 минутта Микель Артетаның шәкірттері ойынды жақсы бастады. "Қызылдар" айқын мүмкіндіктер таба алмағанымен, "Арсенал” шабуылда өзін еркін көрсетіп, тіпті Нони Мадуэке Милош Керкезді бірнеше рет қыспаққа алып, қауіпті соққылар жасады. Бұл сәтте “Зеңбірекшілер" Энфилдке жеңіс үшін келгенін дәлелдегендей еді.

Алайда алғашқы таймда-ақ "Арсеналдың” басына қиындық түсті. Букайо Сака жарақатына байланысты мүлде шықпаса, Уильям Салиба да ойын ортасында жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Үзілістен кейін Арне Слот командасын алға жібере білді. "Коп" трибунасы артқан сайын "Ливерпульдің” екпіні де күшейді. Ақыры айып добына келгенде, Собослай ғажайып соққымен есеп ашып, матч тағдырын шешті. Венгрия жұлдызы бұл кездесуде оң қапталда қорғаушы рөлін атқарса да, өзінің әмбебаптығын көрсетіп, әрі қорғаныста Габриэл Мартинеллиді тоқтатып, әрі шабуылда шешуші сәттің авторы атанды.

Осы жеңістің арқасында "Ливерпуль" Премьер лигадағы жалғыз жеңіліссіз әрі 100% жеңіс рекорды бар клубқа айналды. Олар турнир кестесінде "Челсиден" озып, бірінші орынға шықты. Ал "Арсенал” болса, соңғы 23 матчта "үлкен алтылыққа” қарсы алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Бұл ойында жұлдызды сәтті Мохаммед Салах, Хуго Экитике не Флориан Вирц емес, дәл Доминик Собослай жасады. Қиын позицияда ойнаса да, ол команданың қорғанысын сақтап, әрі айып добынан керемет соққымен "Ливерпульдің” жеңісін қамтамасыз етіп, матч қаһарманы атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров