Жарнама
Жарнама

Мбаппе хет-трик жасап, Корольдік клуб ірі жеңіске жетті

30.09.2025, 23:33

Алматыда өткен тарихи кездесу "Қайрат" жанкүйерлерінің үлкен үмітіне толы болды. Алайда Еуропаның даңқты ұжымы – "Реал Мадрид" өз деңгейін тағы бір дәлелдеді. Матч 0:5 есебімен Испандық клубтың пайдасына аяқталды.

Жарнама
Жарнама

Голдар тізбегі:

  • 25-минутта Килиан Мбаппе пенальтиден есеп ашты.
  • 52 және 73-минуттарда тағы да Мбаппе мергендігін көрсетіп, хет-трик авторы атанды.
  • 83-минутта жас жұлдыз Эдуардо Камавинга қанжығасын майлады.
  • 90+3-минутта Брахим Диаз соңғы нүктені қойды.

Ойынның басты қаһарманы – сөзсіз Килиан Мбаппе. Француз форварды өзінің жылдамдығы мен шеберлігін толық көрсете білді. Әсіресе, шабуылдағы өткір қимылдары "Қайрат” қорғанысына үлкен қиындық тудырды.

Сонымен қатар, Камавинганың голы "Реалдың” орта алаңдағы үстемдігін айқындай түсті. Ал қақпашы Тибо Куртуа бірнеше қауіпті соққыларды қайтарып, "Қайратқа” гол соғуға мүмкіндік бермеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров