Жарнама
Жарнама

Мбаппе: «Маған ауру туралы айтпаңыз»

13.08.2020, 18:12
Мбаппе кешегі матчта екінші таймда алаңға шығып, нәтижелі паспен көзге түсті
Жарнама
Жарнама

«ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе команданың Чемпиондар лигасының «Аталанта» командасымен (2:1) ширек финалда өткен матчы туралы өз пікірін білдірді.

«Маған ауру туралы айтпаңыз... Мені аяғыма тұрғызған медицина қызметкерлеріне көп рахмет. Оған бізден басқа ешкім сенбеді. Команданы құттықтаймын, біз алаңға шығып, жұмысымызды орындадық. Жартылай финалда кездескенше. Париж осында!» - деп жазды Мбаппе.

Айта кетейік, кеше "ПСЖ" ширек финалда "Аталантаға" қарсы матчта камбэк жасады. Енді "ПСЖ" жартылай финалда "Атлетико" - "РБ Лейпциг" жұбының жеңімпазымен ойнайтын болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров