Жарнама
Жарнама

Мбаппе мен Неймар команда ауыстыруы мүмкін

05.05.2020, 14:13
Екі ойыншының тағдыры не болар екен.
Жарнама
Жарнама

ПСЖ Килиан Мбаппені өз құрамында сақтап қалуға тырысады. Француз клубы 21 жастағы шабуылшының жалақысын екі есе өсіріп, жаңа келісім-шарт ұсынуды жоспарлап отырған көрінеді. Егер футболшы келісімді қабыл алса, аптасына 683 мың еуро алады. Мбаппенің командаласы Неймардың да қазіргі табысы осындай. Килианның өзі Парижде қалуды теріс көрмейтін секілді. Шабуылшының келісім-шарты 2022-ші жылдың жазында аяқталады. Мбаппе қатарынан екінші жыл франция чемпионатының үздік шабуылшысы атанды. Биыл ол 20 матчта 18 гол соқты.

Мбаппенің командаласы Неймар ПСЖ құрамынан кетуі мүмкін. Бразилиялық шабуылшы бұрынғы клубы «Барселонаға» оралуды көздейді. Париж клубы 28 жастағы футболшыны жаңа келісім-шартқа көндіру үшін 100 миллион еуро сыйақы да ұсынған. Бірақ Неймар мұндай сыйақыдан бас тартыпты. Футболшының есіл-дерті Каталонияға қайтып оралу. Тіпті ол қазіргі жалақысын 50 процентке азайтуға да келісіп отыр.   

Қанат Базылхан

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров