«Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы Килиан Мбаппе клуб басшылығына осы маусымның соңында кететінін айтты, деп хабарлайды The Times.
Дереккөздің хабарлауынша, француз өзінің мансабын басқа чемпионатта жалғастыруға ниетті. Ол Испания немесе Англия чемпионатында ойнағысы келеді. Ал ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифи Мбаппе де, Неймар да жақын уақытта клубтан кетпейтінін айтқан болатын.
Мбаппе "Пари Сен-Жерменге" 2017 жылдың жазында "Монако" клубынан жалға ауысып келген болатын. Бір жылдан кейін Париждік клуб шабуылшыны 145 миллион еуроға сатып алды.Өткен маусымда 21 жастағы Мбаппе Франция чемпионатының 20 матчына қатысып, 18 гол мен бес нәтижелі пастың авторы атанды. Футболшының клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.
Біздің серіктес: FONBET