Мбаппе "Реалға" жаңа талап қойды

23.02.2024, 08:41

Киллиан Мбаппе Еуро-2024 басталып кетпей тұрып "Сантьго Бернабеу" жанкүйерлерінің алдына шығуды жөн көріпті. Сондай-ақ, франциялық сұрмерген корольдік клубтың басшылығынан өзінің таныстырылым рәсімінің кезіндегі Криштиану Роналдукінен кем болмауын да сұрапты. 

Айта кетейік, Мбаппе "Реалмен" 2029 жылға дейін келісімшартқа отырды. Франция біріншілігінің басты жұлдызы Мадриттік ұжымның қатарына "еркін агент" ретінде қосылған болатын.