Килиан Мбаппе әріптестеріне уәде беріпті.
Жазғы трансферлік терезе кезінде орын алған, жарқын ауысымның бірі - Килиан Мбаппе. Перес мырзаның кезекті бір жетістігі десек те болады. Қаншама жыл әрекет етіп, ақырында тегін алды бұл футболшыны. Еуро турнирінен кейін клуб сапына қосылды. Мбаппе тез үйренісіп, әріптестерімен тіл табыса білді. «ПСЖ» сапында жүрген кезінде, талай ойыншымен сөз бен іске келіспей қалған сәттері есімізде. Келе сала белсенді, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсті. Суперкубок финалында «Аталантаға» қарсы гол соғып, өз үлесін қосты. Жаңа маусымда жалпы турнирлер саны бойынша 5 гол соқты. Ла лигаға енді еті үйренісіп келе жатқанда «Реал» шабуылшысы «Алавеске» қарсы ойында (3:2) сол аяғының бұлшық етін жарақаттап алды. Осы себепті ойыншы алдағы үш апта ойнай алмайтын болды. «Атлетико», «Лилль» және «Вильярреалға» қарсы матчқа қатыспайды деп топшыланған. Алайда ойыншы ЧЛ ойынына қатысты. Намысқа тырысқан Мбаппе Эль-Классико 100% дайын болуды жоспарлап отыр. Ал, команданың бас бапкері Карло Анчелотти: “Біз онсыз ойнап үйреніп қалғанбыз. Біз өткен маусымда да Мбаппесіз ойнадық” деп қысқа қайырды.
Жарақат алған шабуылшы командаластарымен жаттығу өткізіп жүр екен. Жарақат деп жатып алмай, жасыл алаңға уақытынан бұрын оралуға әрекет етіп жүр. Мұнысы жақсы әрине. Дегенмен, Килиан әріптестеріне осы маусымда 50 гол соғатынын айтыпты. Жарақатынан құлан таза айықпаған Мбаппе үшін бұл артық әсірелеу емес пе екен? Оның үстіне бұл Лига 1 емес. Испанияның ортаңқол командалары да қауқар көрсете алады. Сондықтан семіз айтып, арық шықпаса жақсы. Маусым соңына дейін бақылайық. Бүгін енді ішкі біріншіліктегі кезекті ойын. Өз алаңдарында «Вильярреалды» қабылдайды. Негізгі құрамнан көріп қалуымыз бек мүмкін. Дәл осы матчта неше гол соғуы мүмкін? Жарақаты кесел болмас па екен?
Біздің серіктес: FONBET