Кеше РПЛ 23-турында "Зенит" өз алаңында "Балтиканы" қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз допты 42-минутта Педро салды.
Санкт-Петерборлық команда қатарында Нұралы Әліп негізгі құрамда шығып, 74-минутта алаңдағы орнын командаласына босатқан. Ерекше айтатын тұсы - Қазақстан Ұлттық құрамасының футболшысы бұл ойында қорғаныстың сол қапталында өнер көрсетті. Әліптің "Зениттегі" негізгі амплуасы орталық қорғаушы екені мәлім. Десе де, қазақстандық футболшы Сергей Семактың сенімін ақтай алды. Ресейлік біраз басылым, оның ішінде "Чемпионат" сайты Нұралының өнеріне жоғары баға берген болатын.
Айта кетейік, "Зенит" осы жеңісінің арқасында РПЛ-де көш бастады. Команда қоржынында 44ұпай. Питерлік клуб келесі турда 13-сәуірде чемпиондыққа таластағы тікелей бәсекелесі "Краснодармен" жолығады.
Біздің серіктес: FONBET