Freedom QJ League аясында медиа-маркетинг блогының өкілдері арасындағы чемпионаттың алғашқы кезеңінің жеңімпазы белгілі болды.
Ұйымдастырылып келе жатқанына 3 маусым болған QJ League-ның биылғы турнирінде командалардан бөлек, медиа және маркетинг өкілдері бәсекелестікке түсті. Алаңнан тыс маңызды қызметтерді атқарып жүрген мамандар жыл соңына дейін баллдық жүйеге негізделген турнир кестесінде үздік атану үшін креативті контент пен жасөспірімдер футболын дамытуға арналған іс-шараларды ұсынады. Соның нәтижесінде жеңіске жеткен команда дәстүрге айналған QJ League Awards мерекелік кешінде өз номинациялары бойынша қаржылық сыйақысы бар арнайы марапатқа қол жеткізеді.
Мәселен, осы маусымдағы чемпионаттың бірінші кезеңінде медиа-маркетинг саласы бойынша “Тараз” клубының қос қызметкері үздік деп танылды.
Айта кетсек, “Үздік медиа” номинациясында медиа-офицер Саламат Дулатов алғашқы орынды иеленсе, “Үздік маркетинг” бағыты бойынша Қайрат Меклисов оқ бойы оза шапты.
Біздің серіктес: FONBET