Өткен маусымда “Тараз” намысын қорғаған Олжас Әділ “Днепр” командасымен жаттығуда.
22 жастағы “Астана” ФК түлегі Могилев ұжымына осы аптада келіп қосылған екен. Бұған дейін ол “Тараз” ФК 10 матчта алаңға шығып, маусым аяқталысымен жаңа бапкер Руслан Эсатовқа керек болмай еркін агент атанды.
Айтпақшы, Беларусияға Әділ осымен екінші рет келіп тұр. Еске салсақ, 2024 жылдың ақпан айында қазақстандық “Динамо-Брестте” өз бағын сынады. Бірақ бұл жорығы сәтсіз аяқталып, Олжас “Оқжетпеспен” келісім шартқа отырды.
Жартылай қорғаушы позициясында ойнайтын футболшы Медиалиганың 6 маусымының қатысушысы. Ол “Впорядке-Крап Тим” командасының намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET