Ресей астанасында футболдан Медиалига ойыншысы 22 жастағы Артур Закиев есірткі заттарын сатты деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Sport Baza басылымының хабарлауынша, Закиевке 1,5 миллион рубль (шамамен 10 миллион теңге) салынған сөмке берілген. Ол бұл қаражатты айырбастап, кейіннен белгісіз ампулаларды мұқтаж жанға табыстауы тиіс болған.
Күдікті футболшы өзін қылмысқа қатысым жоқ деп санайды. Оның айтуынша, ол өзін "өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмекті тасымалдап жүрмін” деп ойлаған. Сөмкедегі заттың есірткі екенінен мүлдем хабарсыз болғанын алға тартуда.
Қазіргі уақытта Артур Закиев ұсталып, тергеу изоляторына тоғытылды. Тергеу амалдары оның бұл іске саналы түрде барған-бармағанын анықтайтын болады.
Артур Закиев деген кім?
Жас болса да, Закиев бірнеше кәсіби және әуесқой клубтарда бағын сынап үлгерген:
• Өзбекстандық "Бұхара” клубында ойнаған
• Ресейлік "Зоркий" (Красногорск) және "Волга” (Ульяновск) ұжымдарында өнер көрсеткен
• Соңғы уақытта танымал рэп-орындаушы Бастаның "СКА-Ростов" медиа клубының намысын қорғап жүр.
Закиевтің "білмедім” деген уәжі заң алдында қаншалықты салмақты болары белгісіз, себебі заң бойынша білмеу – жауапкершіліктен босатпайды.
Біздің серіктес: FONBET