Жарнама
Жарнама

Мейсон Гринвуд жаттығудан шеттетілді

31.01.2022, 14:18
Футболшы қамауға алынды деген де ақпарат тарауда.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» шабуылшы Мейсон Гринвудқа тағылған айыптарға қатысты мәлімдеме жасады. Бұған дейін футболшының қызы Гарриет Робсон соққының іздерін көрсетіп, Гринвудты зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған болатын.

«Мейсон Гринвуд жаттығудан және матчтардан белгісіз мерзімге шеттетілді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Гринвуд «Манчестер Юнайтедтің» негізгі командасында 2018 жылдан бері ойнап келеді. 20 жастағы футболшы осы маусымда Премьер-лиганың 18 ойынына қатысып, 5 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. 2020 жылдан бастап Гринвуд Англия құрамасына шақыртылып жүр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров