Мехди Тареми «Интерге» ауысады

13.02.2024, 16:42

Ирандық футболшы осы маусымның соңында нерадзури қатарын «еркін агент» ретінде толықтырмақ. Футболшы мен Миландық клуб 2025-2026 жылғы маусымның соңына дейін және одан ары ұзарту мүмкіндігі қарастырылатын келісімге отырады. Айта кетейік, Тареми қазір «Портудың» намысын қорғайды.

Ирандық сұрмерген осы маусымда «айдаһарлардың» сапында 24 матчқа қатысып, 6 рет мергендігімен көзге түскен, 4 голдық пас шығарған.