Жарнама
Жарнама

МЕКСИКА – ӘЛЕМ ҮЗДІГІ

12.07.2011, 15:35
Жарнама
Жарнама
Мексика жасөспірімдері әлем үздігі. Ацтектер өз елінде өткен әлемдік сында топ жарды. Жасөспірімдердің доп додасының тарихына үңілсек, жарыс қожайындары топ жармапты бұған дейін. Енді міне сол салтты Мексика бұзып отыр. Ацтектің ұрпақтары әлемдік біріншілікте осыған дейін 2005 жылы ұтып еді. Енді екінші рет үздік шығып отыр. Күміс Уругвайға бұйырса, қола Бразилияда. Келер ӘЧ 2013 жылы БАӘ мен 2015 жылы Чилиде өтеді. Финал Уругвай – Мексика – 0:2 (0:1) Голдар: Брисено, 31 (0:1). Касильяс, 90+2 (0:2). Әлем чемпионатында Өзбекстанның аяқ алысын айта кеткен жөн. Ала тақиялы ағайын ширек финалға дейін жеткені белгілі. Осы жеңістері арқылы өзбек жұрты футболының қарымын танытты. 2018 жылғы әлемдік мундиальға Өзбекстан сапар шексе таң қалмаңыз. Мерген – Сүлейман Кулибала (Кот Д Ивуар) 9 гол. Үздік футболшы – Жулио Гомес (Мексика)
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров