"Барселона" клубының шабуылшысы Мемфис Депай Нидерланды құрамасында рекорд орнатты, деп хабарлайды OptaJose статистикалық порталы. Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Нидерланды Гибралтарды 6:0 есебімен жеңді.
Депай дубль жасап, бір күнтізбелік жылдағы (2021) 13 және 14-ші голдарын соқты. Бұл көрсеткіш бойынша ол 2000 жылы 12 гол соққан Патрик Клюйверттің рекордын жаңартты.
Нидерланды сегіз ойында 19 ұпаймен өз тобында көш бастап тұр. Норвегия (17) - екінші, Түркия (15) - үшінші, Черногория (11) - төртінші орынға жайғасқан. Гибралтар құрамасы (0) соңғы орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET