Жарнама
Жарнама

Мемлекеттік деңгейде мойындалды – Дарын сыйлығының иегері

Бүгін, 13:59

Қазақстан футболының жарық жұлдызы, "Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сәтпаев кезекті биігін бағындырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Дарынды футболшы 2025 жылғы "Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.

"Дарын" сыйлығы мемлекет тарапынан талантты жастарға берілетін ең жоғары баға. Ол жыл сайын ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет және спорт саласында айрықша жетістікке жеткен, еліміздің атын әлемге танытып жүрген жас таланттарға табысталады.

Дастанның футбол алаңындағы шеберлігі мен "Қайрат” сапындағы нәтижелі ойыны сарапшылар мен жанкүйерлер тарапынан жоғары бағаланып келеді. Оның "Спорт" номинациясы бойынша жеңімпаз атануы — қазақ футболының болашағы сенімді қолда екенінің тағы бір дәлелі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров