Жарнама
Жарнама

«Мен оның бетінен ұрмағаныма өкінемін» - Неймар «Марсельмен» болған матчтағы Альвареспен болған ұрыс туралы

14.09.2020, 14:55
Матч соңында осы жанжалдың кесірінен 5 ойыншы қызыл қағаз алды.
Жарнама
Жарнама

«Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Неймар Франция чемпионатының екінші турындағы «Марсельмен» болған матчта испаниялық қорғаушы Альваро Гонсалеспен болған қақтығыс туралы пікір білдірді (кездесу 1:0 есебімен «Марсельдің» пайдасына аяқталды).

«Мен бұл бейбақтың бетінен ұрмағаныма ғана өкінемін. VAR менің «агрессиямды» оңай байқады. Енді мені маймыл деп атайтын сәттердің қайталауын көргім келеді», - деп жазды Неймар матч аяқталғаннан кейін өзінің Twitter парақшасында.

Гонсалес «аузыңды жап, арам маймыл» деген екен. Бұл фразаның кімге бағытталғаны белгісіз, бірақ соған байланысты жанжал басталды, ұрыс барысында Неймар Гонсалестің басынан ұрып, осы әрекеті үшін қызыл қағаз алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров