Жарнама
Жарнама

“Мен Роналдудың көлеңкесінде қалғым келмейді.” – Мбаппе өзін Криштиану Роналдумен салыстырды

01.11.2025, 07:00

Франция жұлдызы Килиан Мбаппе "Реал Мадрид" сапында Криштиану Роналдудың көлеңкесінде қалудан қорықпайтынын айтып, Испандық алып клубта өзінің жеке тарихын жазғысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол "MARCA" басылымына берген сұхбатында айтты.

Жарнама
Жарнама

Жаңа "Алтын бутс" иегері болған 25 жастағы шабуылшы Испаниядағы алғашқы толық маусымын қорытындылап, "Реалмен” бірге үлкен жетістіктерге жету арманы жайлы бөлісті:

"Әр бала гол соғуды армандайды. “Алтын бутс” ерекше сыйлық, бірақ мен үшін ең маңыздысы – командалық трофейлер. Егер Ла Лигада жеңіске жетіп, тағы бір “Алтын бутс” иеленсем – бұл нағыз мінсіз маусым болар еді." – деді Мбаппе.

Мбаппе "Реал Бетиске" қарсы ойында "Сантьяго Бернабеу” стадионында соққан алғашқы голын өзінің ең ерекше сәті деп атады:

"Ол сиқырлы сәт болды. Сол гол менің мұндағы тарихымды бастағандай әсер қалдырды." – деді ол.

Француз шабуылшысы бұрынғы клубы "ПСЖ" мен қазіргі командасын салыстыра келе, екі клубтың мәдениеті мен рухының өзгеше екенін атап өтті:

"Бұл екі клубты салыстыру қиын. “ПСЖ” – жас команда, ал “Реал Мадридтің” тарихы тереңде. Екеуі де әлемнің үздіктері, бірақ “Реалдың” мәдениеті ерекше. Бұл – футболдағы ең ұлы клуб." – деп түсіндірді Мбаппе.

Мбаппе Португалдық аңызға үлкен құрметпен қарайтынын, бірақ өзін ешкіммен салыстырғысы келмейтінін айтты:

"Криштиану – бұл клубтың нөмір бірінші аңызы. Ол тоғыз жылда 450 гол соқты. Мен мұнда небәрі бір жарым жылмын. Онымен салыстыруға келмейді. Алайда оның есімімен бірге аталу – зор мәртебе. Мен өз жолыммен жүріп, мүмкін болған барлық титулды жеңгім келеді." – деді ол.

Мбаппе жаңа бас бапкер Хаби Алонсоға да жылы пікір білдірді:

"Әр бапкердің өз философиясы бар. Алонсоның тәсілі Анчелоттиден өзгеше, бірақ біз оны күн сайын жақсырақ түсініп келеміз. Әлі трофей алған жоқпыз, бірақ дұрыс жолмен келе жатырмыз." – деп түйіндеді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров