Жарнама
Жарнама

Менің командам - "МанЮнайтед"

17.03.2014, 22:24
Жарнама
Жарнама

Мен өзім ес білгелі бері "Манчестер Юнайтед" командасына жанкүйермін. Бұл команда тарихы бай, дәстүрі ұзақтан бастау алады. Атақты футболшылардың көбісі "МанЮнайтед" сапында өнер көрсетуді арман тұтқан. Ал бірақ, осы күні бұл команданың жай-күйі өте нашар. Сэр Алекс Фергюссон кеткелі бері команда мардымды өнер көрсете алмай келеді. Команданың бас бапкері болып тағы бір шотландтық маман отырды. Дэвид Мойестың Сердің орнын басатын бірден-бір тұлға екендігін журналистер осыдан бірнеше жыл бұрын жазып жүрген де болатын. Түбі сол күткен жағдай орын алып тынды да. Бірақ, өз басым Мойесті жеңімпаз бапкер деп санамаймын. Ол баптаған "Эвертон" ортаңқол ұжым еді. Қорғаныс арқылы өнер көрсетіп, мықты ұжымдардан ұпайды жақсы тартып ала білді. Бірақ, бапкердің сол команданың деңгейінен ары аса алмай отырғаны қынжылтады. Бірақ, бұл бапкерге әлі тағы бір жыл уақыт берілетіні сөзсіз. Егер келер жылы жағдай өзгермесе бапкер ауысатыны түсінікті. МЮ басшылары бір бапкерге 26 жыл сенді. Мойеске сенім артпақ. демек, сәл шыдас білдіріп біз де сенейік.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров