Жарнама
Жарнама

“Менің міндетім инфрақұрылымды дамыту” ҚФФ президенті жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартты

08.09.2025, 11:15

Қазақстан құрамасының Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай жеңілуінен кейін қоғамда футбол федерациясына сын күшейді. Әсіресе, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың жауапкершілігі туралы сұрақ көп көтерілуде.

Жарнама
Жарнама

Журналистер қойған сауалға жауап берген ол ұлттық құраманың нәтижесіне тікелей жауап бермейтінін жеткізді:

"Менің жауапкершілігім футбол жүйесін дамыту. Өкінішке қарай, бізде көп жылдан бері инфрақұрылым мәселесі шешілмей келеді. Федерация президенті ретінде ең алдымен осы бағытқа жауаптымын.” — деді Омаров.

Федерация басшысы нақты жауаптан қашқақтап, соңғы сөзді бапкерлер мен футболшылар айтуы керектігін жеткізді.

"Команда мен бапкерлер штабы елге оралсын, барлық сұрақтарыңызға солар жауап береді. Әрине, жанкүйерлердің көңілі түсіп отыр, бірақ мен болашаққа оптимизммен қараймын." — деп мәлімдеді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров