Жарнама
Жарнама

“Менің жігіттеріме қарсы ойнау оңай емес" – Фабио Каннаварo неліктен Өзбекстанды таңдады?

15.12.2025, 17:25

Фабио Каннаваро Өзбекстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстау туралы шешімін түсіндіріп, Азия футболындағы жаңа кезеңге деген үмітін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Футбол тарихындағы ең үздік қорғаушылардың бірі, "Алтын доп" иегері Фабио Каннавароның бапкерлік жолындағы кезекті таңдауы яғни Өзбекстан ұлттық құрамасына бапкер атануы көпшілікті таңғалдырған еді. 

Каннаваро өз сөзін бастағанда, оның алғашқы ниеті басқа болғанын мойындады:

"Бастапқыда мен Италияда қалып, жұмыс істеуді ойладым. Алайда, кейін Әлем чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік туды. Бұл – жіберіп алуға болмайтын үлкен мүмкіндік."

Ол бұған дейін де Азияның басқа елдерінен ұлттық құраманы басқаруға ұсыныстар алғанын, бірақ олардан бас тартқанын айтты. Бұл оның Өзбекстанды таңдауының арнайы себептері бар екенін көрсетеді.

Каннаваро Өзбекстанның ұсынысын қабылдауға итермелеген негізгі факторларды атады:

"Өзбекстанда көптеген дарынды футболшылар бар. Олардың футбол федерациясы футболға ерекше назар аударып, жақсы жұмыс істей алады. 17, 19 және 23 жасқа дейінгі жастар құрамалары Азияда тұрақты түрде жеңіске жетеді, бұл маған үлкен үміт ұялатты."

Италиялық маманның пікірінше, Өзбекстанда тек қана бүгінгі нәтижеге емес, болашаққа бағытталған жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Жастар құрамаларының жетістігі оның бапкерлік жобасына деген сенімін арттырған.

Каннаваро өзінің болашақ құрамасының негізгі артықшылықтарына тоқталды. Оның Әлем чемпионатына қатысатын командасы салыстырмалы түрде жас болады.

Ол Өзбекстан құрамасының физикалық тұрғыда Еуропалық командалармен тең түсе алмайтынын мойындаса да, олардың рухани күшін ерекше атап өтті:

"Өзбек жастары ешқашан берілмейді, олар әрдайым соңына дейін күресуге қабілетті."

Осыған дәлел ретінде, ол бір мысалды келтірді:

"Біздің құраманың 9 ойыншысы жарақат алған кезде, біз Уругваймен ойнап, небәрі 2:1 есебімен ғана жеңілдік. Менің жігіттеріме қарсы ойнау оңай емес."

Қорытындылай келе, Фабио Каннаваро Өзбекстанды жай ғана жұмыс орны ретінде емес, даму әлеуеті зор, жігерлі әрі жастарға баса назар аударатын ұлттық жоба ретінде қарастырады. Ол өз тәжірибесімен Өзбекстан футболының жаңа деңгейге көтерілуіне зор үміт артып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров