"Наполи" футбол клубының шабуылшысы Дрис Мертенс "Ливерпуль" клубына ауысуы ықтимал. Себебі, бельгиялық шабуылшының келісім-шарты осы жазда аяқталады. Ол италиялық клубпен келісімді ұзартпады. Сондықтан да, жазда еркін футболшы болған кезде өзі қалаған жаққа ауыса алады. Ал тегін футболшыға кім қызықпасын. Олардың қатарында: "Интер", "Монако", "Манчестер Юнайтед", "Челси", "Арсенал" және Ливерпуль" клубтары бар. Бірақ, агенттердің айтуынша Мертенс "Ливерпульді" таңдауы әбден ықтимал.
Мертенс 2013 жылы ПСВ сапынан "Наполиге" ауысты. Содан бері ол Италияның кубогы мен суперкубогын жеңді.
Біздің серіктес: FONBET