Жарнама
Жарнама

Месси 36-шы голын соғып, Роналдумен теңесті

05.09.2025, 18:15

Аргентинаның капитаны Лионель Месси ұлттық құрама жейдесінде тағы да жарқырады. Бұл оның Оңтүстік Америкадағы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі соңғы матчы болды. Венесуэлаға қарсы кездесуде (3:0) Месси дубль жасап, кезекті бір рекордқа қол жеткізді.

Жарнама
Жарнама

Осы екі голдың арқасында Росариолық жұлдыз іріктеу матчтарындағы голдар санын 36-ға жеткізді. Бұл көрсеткіш бойынша ол Португалия аңызы Криштиану Роналдумен теңесті. Екеуі де енді әлем чемпионатының іріктеу ойындарында гол соғудан тарихтағы екінші орында тұр.

Тізімнің көшін Гватемала шабуылшысы Карлос Руис бастап тұр, оның еншісінде 39 гол бар.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров