Леонель Месси "Марка" газетінің хабарлауынша биылғы "Алтын бутсыны" иеленеді екен. Себебі аргентиналық ойыншы биылғы Испан чемпионатында 37 гол соғыпты. Ал Испанияның коэфиценті 2-ге тең болғандықтан ол ең көп ұпай жинаған шабуылшыға айналады. Екінші орынды 34 гол соққан Баст Дост иемденді. Ол биыл "Спортинг" сапында Португалияның үздік сұрмергені атанды.
Айта кетейік, Месси үшін бұл 4-ші "Алтын бутсы". Ал Криштиану Роналду осыған дейін тура 4-еу алған еді. Енді екі сұрмерген бұл жағынан теңесіп отыр.