Жарнама
Жарнама

Месси бапкер шешімін құлағына ілмеді

21.10.2014, 22:28
Жарнама
Жарнама

Футболдан Испания біріншілігінің VII тур ойындары аясында каталондық «Барселона» өз алаңында «Эйбар» командасын қабылдады. Лионель Месси бір допты еншісіне жазып, ла-лига тарихындағы ең үздік сұрмерген атағына қол жеткізуге жақындай түсті.

«Камп Ноуда» өткен кездесу 3:0 нәтижесімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Хави мен Неймар бір-бір голдан соқса, аргентиналық сұрмерген Испания біріншілігіндегі 250-ші голын соқты. Енді екі гол соқса, әйгілі Тельмо Сарра рекордының мұртын бұзатын болады. Алдағы «Реалмен» өтетін ойында бұл жетістігін бағындырар болса, «блауграна» жанкүйерлері үшін үлкен қуаныш болары сөзсіз. Ал команда мен қақпашы Клаудио Бравоның гол соқтырмай келе жатқан ойындарына әлі нүкте қойыла қойған жоқ. Бәлкім, мадридтік клуб қонақтардың рекордын жалғастыруына мүмкіндік бермес. «Эйбармен» өткен ойында «Барселона» бас бапкері Луис Энрике 76 минутта Лионель Мессиді ауыстырмақ болған. Алайда шабуылшы өз қарсылығын білдіріп, бапкер шешімін елемеген. Нәтижесінде Мунир Эль-Хаддади Неймардың орнына алаңға шыққан. Бұл көрініс қазіргі таңда ақпарат құралдарында қызу талқыланып жатыр. VIII тур қорытындысында Испания біріншілігінің көшін 22 ұпаймен «Барселона» бастап келеді. Екінші орында 19 ұпаймен «Севилья» тұрса, олардан бір ұпайы кем «Реал» үштікті қорытындылап тұр. Ал үздік сұрмергендер көшінің тізгіні Криштиану Роналдуда. Португалдық ойыншының еншісінде 15 гол бар.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров