Жарнама
Жарнама

Месси “Барселонаның” президенттік сайлауына қатысады

31.10.2025, 21:45

Аргентина құрамасының жұлдызы Лионель Месси Испаниялық "Барселона" клубының президенттік сайлауына қатысуға шешім қабылдады. 

Жарнама
Жарнама

Дереккөздердің мәліметінше, Месси қазіргі клуб басшысы Жоан Лапортамен бәсекеге түспек. Сайлау 2026 жылдың 15 наурызы мен 15 маусымы аралығында өтеді деп жоспарланған.

Төрт жыл бұрын Месси Лапортаның кандидатурасын ашық қолдап, оны президенттікке әкелгендердің бірі болған. Алайда кейін футболшының жаңа келісімшартына қатысты келіссөздер сәтсіз аяқталып, олардың арасы суып кеткен. Соның нәтижесінде Месси "Барселонаны” тастап, "Париж Сен-Жерменге" ауысқан еді.

Қазіргі президент Жоан Лапорта сайлауды сәуір айында өткізуге ниетті. Себебі бұл шешім маусым соңындағы сәтсіз нәтижелерден туындауы мүмкін сыннан қорғануға мүмкіндік береді.

Басылымның хабарлауынша, егер сайлауға жеңіске жету мүмкіндігі жоғары үміткер қосылса, Месси өз кандидатурасын қайтарып алуы ықтимал.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров