Жарнама
Жарнама

Месси болашағына қатысты шешімді клубтағы президент сайлауынан кейін қабылдайды

19.12.2020, 01:49
Месси жаңа президенттің жоспарын тыңдағысы келеді.
Жарнама
Жарнама

"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси әлі өзінің болашағы туралы соңғы шешімді қабылдаған жоқ.

Аргентиналық футболшы каталондық клубтағы президент сайлауы өткенге дейін (24 қаңтар) бұл мәселені талқылағысы келмейді. Месси клубта қалу туралы шешім қабылдамас бұрын, "Барселонаның" жаңа президентін тыңдағысы келеді, деп хабарлайды ESPN.

Өткен жазда команда капитаны клубтан кеткісі келді, оның Хосеп Бартомеу бастаған "Барселона" басшылығына көңілі толмады. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады. Қаңтарда ол басқа командалармен келіссөздер жүргізу құқығына ие болады.

Месси осы маусымда Ла Лигада 12 ойын өткізіп, 5 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров