«Барселона» футбол клубының 28 қарашадағы хабарында, Мессидің бірінші кезеңдегі емдеу мерзімі аяқталып, оның енді екінші сатыдағы ішкерлей қалпына келтіру жаттығыулары мен сауықтыру ем-домын қабылдау үшін Аргентинаға аттанғалы жатқаны айтылған.
Өзінің бірінші емдеу сатысын Барселона қаласында сәтті аяқтатқан аргентиналық футболшы, клуб дәрігерлерінің серік болуымен екінші сатыдағы сауықтыру шараларын туған еліне барып тәмәмдамақшы көрінеді.
Жалпы үш сатыдан тұратын емдеу шараларының соңғы кезеңі желтоқсанның ортасында бітеді деп жоспарланған. Клуб дәрігерлері Мессидің қазіргі жағдайы өте жақсы деп отыр. Тексеру нәтижесіне негізделгенде, оның қалпына келу барысы көңіл толтырарлық деңгейде деуімізге әбден болады.
Естеріңізде болса, «Барселоналық» сұрмерген Испания біріншілігінің 13-айналымында «Реал Бетиспен» болған ойында ауыр жарақат алып, 6-8 апта көлемінде жасыл алаңға қош айтқан еді.
Қуанышхан Өмірхан