Жарнама
Жарнама

Месси голын Марадонаға арнағаны үшін айыппұл төлейді

03.12.2020, 00:48
Капитанмен қатар клубқа да айыппұл салынды.
Жарнама
Жарнама

Ла Лига комитеті «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиді «Осасунаға» қарсы өткен 11-тур ойынының нәтижесі бойынша (4:0) жазалау туралы шешім қабылдады.

Еске салайық, Месси осы кездесуде бір гол соқты. Гол соққаннан кейін Лео 25 қарашада қайтыс болған өзінің аты аңызға айналған жерлесі және әріптесі Диего Марадонаны еске алу үшін Аргентинаның «Ньюэллс Олд Бойз» клубының 10 нөмірлі жейдесін көрсетті.

Sport.es-тің хабарлауынша, Месси тәртіптік ережелердің 91-бабына сәйкес 600 еуро айыппұл төлейді, ал «Барселона» өз кезегінде, 52-бапты бұзғаны үшін 350 евро төлеуге мәжбүр болады.

Мессидің жазасы қатаң емес, өйткені осы бапты бұзғаны үшін 3 мың еуроға дейін айыппұл алуға болатындығы атап өтілді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров