Жарнама
Жарнама

Месси, Хави және Роналду үштігі Еуропаның үздік ойыншысына басты үміткерлер

26.07.2011, 19:34
Жарнама
Жарнама
УЕФА Еуропаның үздік ойыншысы атағына үміткер ойыншылардың тізімін жариялады. Тамыз айының соңында, чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жеребе тастау рәсімінде берілетін «Алтын допқа» Лионель Месси, Хави (екеуіде - "Барселона") және Криштиану Роналдулар ("Реал") дауыс беру қорытындысы бойынша үздік үштік сапына енген. Онымен қатар УЕФА 4 мен 10-орын аралығындағы ойыншылар тізімін жариялады. Олар: 4. Андрес Иньеста ("Барселона") 5. Фалькао ("Порту") 6. Уэйн Руни ("МЮ") 7. Неманья Видич ("МЮ") 8. Златан Ибрагимович ("Милан") 9. Херард Пике ("Барселона") 10. Мануэль Нойер ("Шальке"/"Бавария") Айта кетейік, «Еуропаның үздік ойыншысы» атағы УЕФА-ның  былтырдан бері берілетін «Алытн доппен» қатар қосымша ретінде ұсынылып отыр.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров