Жарнама
Жарнама

Месси кете ме, Бартомеу кете ме?

28.08.2020, 05:38
Не бел кетеді, не белбеу кетеді
Жарнама
Жарнама

Егер шабуылшы Лионель Месси жанкүйерлерге президенттің кеткенін қалайтынын ашық жарияласа, «Барселона» президенті Хосеп Мария Бартомеу қызметінен кетуге дайын, деп хабарлайды Sport.es.

Бұған дейін Бартомеу отставкаға кетсе, Месси "Барселонада" қалады деп хабарланған болатын. Естеріңізге сала кетейік, Месси келісімшарттағы әр маусымның соңында келісімді біржақты бұзуға мүмкіндік беретін нұсқаны пайдаланып, клубтан кетпек ойы бар.

Сонымен бірге, каталондық клуб ойыншыны келісімшартында өтемақы ретінде көрсетілген 700 миллион еуродан аз ақшаға жібергісі келмейді. Егер Месси келісімді біржақты бұзуға тырысса, "Барселона" оны сотқа беруге дайын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров