Жарнама
Жарнама

Месси клуб ауыстырам десе «Манчестер Сити» жылына 59 миллион төлеуге дайын

06.02.2020, 22:40
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Сити» «Барселона» басшылығы мен Лионель Месси арасындағы кикілжеңді жіті бақылап отыр. Егер 32 жастағы шабуылшы жазда клуб ауыстырғысы келсе, «Манчестер Сити» іске кірісуге дайын деп хабарлайды ESPN.

Негізі Месси мен «Барселона» арасындағы келісім-шарт 2021 жылдың жазына дейін жарамды. Алайда қазіргі еңбек шартында аргентиналық ойыншы қаласа биыл жазда еркін агент атанатын тармақ бар.

Сонымен қоса, Лео ағылшын ұжымының спорттық директоры Чики Бегиристайн, атқарушы директоры Ферран Сориано және бас бапкер Хосеп Гвардиоламен байланысы жақсы. Бір қызығы жоғарыда аты аталған 3 маман да кезінде «Барселонада» жұмыс істеген. 

Сондай-ақ, «Манчестер Сити» қазіргі өлшеммен алғанда Мессидің жылдық жалақысын төлей алатын санаулы команда қатарында. АПЛ чемпионы аргентиналық футболшыға 50 млн. фунт ұсынбақ көрінеді. Қазір Месси "блауграна" сапында жылына 87 миллион еуро табады.

Айта кетейік, Месси мен клуб басшлығы арасындағы кикілжің спорттық директор Эрик Абидальдің «Эрнесто Вальверденің қызметінен кетуі кейбір ойыншылардың наразылығынан туындады» деген сөзінен кейін шыққан еді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров