38 жастағы Лионель Месси Америкалық МЛС-те өз үстемдігін жалғастыруда. “Интер Майами” жұлдызы “Ситлге” қарсы матчта командасын алға сүйреп, жеңіс голын соғып қана қоймай, бір нәтижелі пас берді.
Бұл маусымда Мессидің статистикасы таңғаларлық, ол МЛС аясында 21 ойында 20 гол соғып, 9 ассист жасаған. Барлық турнирлерді қосқанда, 36 кездесуде 28 гол және 12 нәтижелі пас көрсеткішімен маусымды өткізіп келеді.
Аргентиналықтың Майамидегі ойыны жанкүйерлерге әлі де футбол патшасының деңгейін сездіруде. Әлем чемпионы жасына қарамастан, шешуші сәттерде команданы алға сүйреп, жеңістер сыйлауды жалғастыруда.
Біздің серіктес: FONBET