«Барселона» президенті Хосеп Бартомеу команда капитаны Лионель Мессидің болашағы туралы пікірімен бөлісті.
Аргентиналықтың Каталониялық клубпен келісімшарты келесі жазда аяқталады. Тараптар келісімді әлі ұзартқан жоқ, бірақ Бартомеу бұл үшін алаңдамайды.
«Мұны мен емес, Леоның өзі де кәсіби мансабын «Барселонада» аяқтағысы келетінін айтты. Менің ойымша, бұл оның өмір бойы ойнайтын клубы. Келісімшартты ұзартатынына сенімдімін. Мен Мессидің "Барселонадағы" мансабын 3-4 жылдан кейін аяқтайтынына күмәнім жоқ», - дейді Бартомеу ESPN-ге сілтеме жасап.
Бұған дейін «Барселона» президенті команда бапкері Энрике Сетьенге қолдау көрсеткен болатын.
Біздің серіктес: FONBET