Жарнама
Жарнама

Месси марапат алды

19.11.2018, 21:35
Жарнама
Жарнама
«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының үздік ойыншысы мен шабуылшысына тиесілі жүлдемен марапатталды. Каталония командасы өткен маусымда Ла-Лигада топ жарса, Аргентиналық футболшы 34 доппен ең мерген ойыншы атанды. Құттықтау шарасында Месси сөз алып, Испан біріншілігіндегі бәсекелестіктің артып келе жатқанын тілге тиек етті. Лионель Месси «Барселона» ФК футболшысы: - Ла лигадағы бәсекелестік артқаны байқалады. Кез-келген команданың жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Бұл лиганың деңгейіне жақсы әсер етеді. Маған әрбір голым ыстық. Командамның жеңісіне үлес қосқан голдарды, әдемі соғылған голдардан артық қоям.    Месси Ди Стефано атындағы жүлдені өткен маусымдағы ойыны үшін алды. Ал, чемпионаттың үздік шабуылшысы атағын бесінші мәрте иеленді. Бұл көрсеткіш жағынан ол екінші орынға шықты. «Атлетик» командасының атақты шабуылшысы Тельмо Сарра алты рет ең нәтижелі шабуылшы атағына қол жеткізген болатын.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров