Жарнама
Жарнама

Месси мен Роналду қатарынан екінші жыл “Алтын доп” үміткерлерінің қатарына қосыла алмады

08.08.2025, 11:30

Лионель Месси мен Криштиану Роналду 2025 жылғы “Алтын доп” жүлдесінің үміткерлері тізіміне кірмеді. Бұл туралы France Football журналы хабарлады.

Жарнама
Жарнама

Месси мен Роналду қатарынан екінші жыл беделді жүлдеге үміткерлер қатарынан тыс қалды. Месси – “Алтын допты” ең көп иеленген футболшы, ол бұл марапатты 8 рет жеңіп алған. Ал Роналду өз мансабында 5 мәрте иеленген.

2025 жылғы жүлдеге үміткерлер тізімінде 30 ойыншы бар.

“Алтын доп” марапатын табыстау рәсімі 22 қыркүйекте Парижде өтеді. Өткен жылы бұл жүлдені “Манчестер Сити” жартылай қорғаушысы Родри иеленген еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров