Каталондық “Барселона” шабуылшысы Лионель Месси мен мадридтік “Атлетико” форварды Луис Суарес MLS-ке ауысуға ниетті, деп хабарлады Catalunya Radio-ның эфирінде журналист Хави Кампос.
Хави Кампостың сөзіне сенсек, қос мықты Дэвид Бекхэмнің “Интер Майами” клубына ауысуды жоспарлауда. Бірақ бұл ауысым 2022 жылдан ерте орын алмайды.
Месси жақында берген сұхбатында: “АҚШ-та өмір сүріп, сонда ойнау әрқашан ойымда болған. Бірақ мансабым аяқталған соң “Барселонада” жұмыс істегім келеді”, деген еді.
Месси мен “Барселона” арасындағы келісімшарт 2021 жылдың жазында аяқталады. Бірақ Лионель келесі маусымда қайда ойнайтын әлі шешпеді. Ал Суарестің “Атлетикомен” келісімшарты 2022 жылдың маусымына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET