Жарнама
Жарнама

Месси мен Суарес құрған жаңа клуб Уругвайда чемпион атанып, жоғары лигаға жолдама алды

25.11.2025, 15:05

Лионель Месси мен Луис Суарес биыл Уругвайда жаңа кәсіби футбол клубын құрған еді. Жаңа команданың атауы – "Deportivo LSM", деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Кеше ғана "Deportivo LSM” өз тарихындағы тұңғыш маусымын зор жетістікпен аяқтап, División D лигасының чемпионы атанды. Осы жеңіс олардың Уругвай чемпионатының үшінші дивизионына тікелей жолдама алуына мүмкіндік берді.

Бір жыл ішінде ғана клубтың дәл осындай нәтиже көрсетуі — Месси мен Суарестің жобаға шын мәнінде кәсіби көзқараспен қарағанын, сондай-ақ команда құрамындағы жүйелі жұмыс бар екенін көрсеткендей

"Deportivo LSM” үшін бұл тек бастамасы ғана. Енді оларды Уругвайдың екінші, одан кейін бірінші дивизиондарына көтерілу секілді аса күрделі әрі қызықты жол күтіп тұр.

Уругвайдың басты лигасы – Primera División – елдегі ең беделді жарыс, ал оған жол ашу клуб үшін тарихи белес болмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров