Жарнама
Жарнама

Месси,Месси,Месси!

16.08.2011, 08:38
Жарнама
Жарнама

Оқырмандар сұранысы бойынша Леонель Месси жайлы ақпарат бере кеткенді жөн санап отырмыз.

Лионель Андрес Месси - Аргентиналық футболшы және «Барселона» командасының шабуылшысы. Месси - 2008 жылғы Олимпиада чемпионы, 2005 жылы жастар арасында әлем чемпионы (турнирдің  ең үздік ойыншысы және сұрмергені).

«Барселона» құрамында 5 рет Испания чемпионы болды (2004/05, 2005/06, 2008/09, 2009/10, 2010/11). 2007, 2009 және 2010 жж. Испания чемпионатының ең үздік ойыншы атағын алды. 2005, 2007 және 2009 жылдары Аргентинаның үздік ойыншысы атанды. Чемпиондар Лигасын 3 мәрте қанжығасына байлады. (2005/06, 2008/09, 2010/11). 2009 жылы Испания чемпионатының сұрмергені, 2008/09, 2009/10, 2010/11 жылы Чемпиондар Лигасының сұрмергені.

2009 және 2010 жылы әлемнің үздік футболшысы атағына ие болды. Осы атақты алудан жарты ай бұрын Месси Еуропаның  да  үздігі деп танылды. 21 желтоқсан, 2009 жылы Месси "Бриллиант добының" иегері атанды. Қазіргі таңда Месси әлемге "Жаңа Марадона" деген атпен әйгілі. Өмірбаян

Месси 1987 жылы 24 маусымда Росариода дүниеге келген. Әкесі – Хорхе Месси, анасы – Силия Месси (қыз кезінде – Кусситини). Оның атасы Анджело Месси 1883 жылы Италияның Анкона қаласынан Аргентинаға көшеді.

Оның 2 ағасы, 1 әпкесі бар. Ағалары: Родриго және Матиас,  ал әпкесінің аты: Мария Соль. Месси футболды өз әкесінің ойнаған Грандоли клубында 5 жасынан ойнай бастайды. 1995 жылы Месси «Ньюэллз Олд Бойз» командасының сапына ауысады. Алайда 10 жасында Лионель ауруға ұшырайды. Талантты ойыншыны «Ривер Плейт» командасы  өз сапына алғысы  келді, бірақ  Леоны емдеуге аталмыш клубтың ақшасы жетпейді «Барселонаның» спорттық директоры Карлес Рексач Леоның талантына тәнті болып, оны емдеуге ақша төлеп, Лионельді өз клубының құрамына қабылдайды. Содан бері ол Еуропаға көшіп, "Барселона" сапында өнер көрсетеді.

Мансап Футболдағы алғашқы қадамдар

Футбол ойнауды өте ерте жаста бастаған Лионель өз шаһарының «Ньюэллз Олд Бойз» клубында өнер көрсете бастады. 11 жасында ата-аналарымен Барселонаға көшкен жас жеткіншекті көп күттірмей, 13 жасында Каталонияның бас клубының жастар командасы қабылдайды. Ол өз ойын мәнерін жарқын жағынан бірден танытып, 2-команда құрамында жиі-жиі көріне бастады. Орташа есеппен Месси командада әрбір ойын сайын 1 голдан соғып тұрды. «Барселонаның» негізгі құрамында 2003 жылдың, 17 карашасында Лионель Месси «Барселона» құрамында ең алғашқы кездесуін "Портуға" қарсы өткізді. Сол кезде «Ел Мұндо» газетінің өзі жаз дарынды футболшы туралы бір-екі ауыз пікірін айтқан: "Бұл тек әлемге әйгілі Марадонаның сол аяғын ғана емес, Кройфтің жылдамдығын және Роналдиньоның пас беру шеберлігін сіңірген жас футболшы".

Маусым 2004/05 Лионель Месси 2004 жылдың қазанында Лионель Месси бас команда сапындағы алғашқы кездесуін өткізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл ойын «Эспаньолға» қарсы атақты каталондық дерби кездесуі болды. Сөйтіп, аргентиналық «Барселона» тарихындағы үшінші ең жас футболшысы атанды. 2005 мамырдың 1-інде «Альбасете» қақпасына негізгі құрамдағы алғашқы допты енгізген сәтте Лионельге әлі 18 жас толмаған еді. Маусым 2005/06

Бұл маусымдада Месси Испания чемпионатында жеңіске жетіп, 2005 жылдың, карашасында Месси «Панатинаикосқа» қарсы кездесуінде Чемпиондар Лигасындағы ең алғашқы добын енгізді. Бұл кездесуде «Барселона» құрамасы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Және де «Барселона» құрамасы Чемпиондар Лигасының бас жүлдесін жеңіп, Месси Уэйн Руни мен Лукас Подольскиді арта қалдырып «Туттоспорт» газетінің «Алтын бала» жүлдесіне ие болды.

Маусым 2006/07

Бұл маусымда Месси Испания чемпионатында өте жақсы ойын өрнегін  көрсете білді. Испания чемпионатының ең тартысты кездесулерінің бірі  «Реалға» қарсы ойнында Месси, Реал қақпашысына үш бірдей доп енгізіп, 3:3 есебімен кездесуді тең аяқтаған болатын. Сөйтіп жас дарынды футболшының есімі әлемге танылып, «Барселона» құрамасының №1 шабуылшысына айналды. Месси тағы да "Алтын доп" жүлдесіне ұсынылып, тек бразилиялық футболшы Кака мен португалдық Криштиану Роналдуға жол беріп тиісті 3-ші орынға ие болды.

Маусым 2007/08 Бұл маусым Месси мен «Барселона» үшін өкінішке толы болды. Испания чемпионатында «Барса» тек 3-ші орынға қол жеткізіп және Чемпиондар Лигасында жартылай финалда «Манчестерге жол берді. Мессиге бұл сезон жарақаттарға толы болды десекте, ол сондада "Алтын доп" және «Бриллиант добы» жүлдесіне ұсынылып, қайта португалдық Криштиану Роналдуға жол беріп тиісті 2-ші орынға ие болды. Маусым 2008/09 Маусымның басында Месси өзінің ескі 19-шы нөмерін «Милан» футбол клубына ауысқан Роналдиньоның 10-шы нөмеріне ауыстырды. Месси «Барселона» құрамасымен өте жақсы көрсеткіш көрсетіп үш турнирдің (Испания чемпионатының, Чемпиондар Лигасының, Испания чемпионатының кубігінің) жеңімпаздары атанды. Месси Испания чемпионатында 23 доп, Чемпиондар Лигасында 9 доп енгізіп, "Алтын доп" және "Бриллиант добының" иегері атанып, Әлемнің Ең Үздік Футболшысы атағына ие болды. Маусым 2009/2010 Маусым басында «Барселонамен» жаңа келісім-шартқа қол қойды.  Сондай-ақ маусым басталысымен-ақ УЕФА суперкубогі және Испания суперкубогін ұтып алды. 2009-жылдың 1-желтоқсанында Лео  473 ұпай жинап, "Алтын доп"  иегері атанды.  Ал, осы атақты алғанынан небәрі 20 күн араға салып 2009-жылғы Әлемнің үздік ойыншысы атағын қанжығасына байлады. 2010-жылдың 16 қаңтарында "Севильяға" қарсы ойында Лео 100-ші гол салды. Маусым 2010/2011 2010-жылдың 21-тамызында Испания суперкубогінде "Барселона" "Севильямен" кездесіп, алғашқы ойында 3-1 есебімен ұтылды. Екінші ойында Лео хет-трик жасап өз клубына Испания суперкубогін 9-шы рет алуға септігін көрсетті. 2011-жылдың 10-шы қаңтарында Месси ФИФАның "Алтын Доп" жүлдесін, сонымен қатар Әлеснің ең үздік ойыншысы атағын қанжығасына байлады. 2011-жылғы Чемпиондар Лигасында Лео 12 гол соғып Рууд Ван Нистелройдың рекордын қайталады. Сондай-ақ 3 жыл қатарынан Чемпиондар Лигасының сұрмергені атағына ие болды. Отанын сатпайтын Лионель Аргентина жастар құрамасында тұңғыш ойын өткізгенге дейін Мессиге Испанияның ұлттық командасы үшін өнер көрсету туралы ұсыныстар келді. Алайда, ол отансүйгіштігін танытып, барлық ұсыныстарға өзінің «жоқ» деген жауабын қайтарды. 2004 жылдың маусым айында Месси туған елінің жастар құрамасы сапында Парагвайға қарсы алғашқы ойнын өткізді. 2005 жылы жазда ол Аргентинасымен Нидерланд алаңдарында өткен жастар құрамалары арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Қызғалдақтар еліндегі турнир қорытындылары бойынша Месси 6 голымен сұрмерген және чемпионаттың үздік ойыншысы атақтарына ие болады.

Алғашқы ірі жетістіктер

Сол жылдың 4 тамызында Аргентина құрамасының бас бапкері Хосе Пекерман Мессиді Мажарстанмен (Венгрия) болатын ойынға шақырту алды. Бірақ, кездесуде 3-ақ минут өткізген «жаңа Марадона» өзі жайлы қызыл карта алғанымен ғана естелік қалдырды. 2005/06 маусымында Лионель «Ноу Кампта» Чемпиондар Лигасындағы тұңғыш ойнын «Удинезеге» қарсы өткізді. Ал, желтоқсанда итальяндық «Тұттоспорт» газеті Мессиді 21 жасқа дейінгі үздік футболшы атағын салтанатты түрде тапсырды. Маусым соңында ол Испания чемпионатында 6 және Чемпиондар Лигасында 1 доп соқты.

Жас та болса, алғыр

Сол жылдың ортасында алған жарақатына қарамастан, оны 2006 жылы Әлем чемпионатына ұлттық команда құрамына енгізеді. Топтық турнирде Кот-д´Ивуарға қарсы кездесуде алаңға шықпай, келесіде Сербия мен Черногориямен өткен матчта командаласын алмастыруға шығып, гол соғуымен және аргентиналықтардың 6 голының біреуіне айналдырған пас бергендігімен танылды. «Барселона» намысын қорғап келген уақытында Месси екі бірдей Испания чемпионаты мен Чемпиондар Лигасын жеңіп үлгерді. Ал, 2008 жылы Аргентина құрамасымен бірге Пекиндегі жазғы Олимпиадалық ойындардың алтын медельдарына ие болды. 2008 жылы аса жарқын ойнымен көрінген ойыншы «Алтын доп» үшін күресте тек Роналдудан кейінгі екінші орынды иеленді.

Жетістіктері

Барселона Испания чемпионаты (5): 2004/05, 2005/06, 2008/09, 2009/10, 2010/11. Чемпиондар Лигасы (3): 2005/06, 2008/09, 2010/11. Испания чемпионатының кубогі (1): 2008/09. УЕФА суперкубогі  (1): 2009 Дүниежүзілік клубтық біріншілік (1): 2009

Аргентина Дүниежүзілік жастар арасындағы біріншілік: 2005 Жазғы Олимпиадалық Ойындар: 2008

Жеке

"Алтын Доп" иегері Дүниежүзілік жастар арасындағы біріншілікте үздік сұрмерген 2005 (6 доп) Дүниежүзілік жастар арасындағы біріншілікте үздік ойыншы 2005 Еуропадағы  (U-21) ең үздік футболшы: 2005 Аргентинадағы ең үздік футболшы (4): 2005, 2007, 2009

Испания чемпионаты: 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2009/10 Премия «Дон Балон» жүлдегері (3): 2007, 2009, 2010 Америка кубогінің ең жас үздік футболшысы : 2007 ЕФЕ трофейінің жүлдегері (3): 2007, 2009, 2010 Үздік шабуылшы (Испания чемпионаты): 2008/2009 Үздік футболшы (Испания чемпионаты) (Ди Стефано сыйлығы) (3): 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011 Үздік сұрмерген (Чемпиондар Лигасы): Чемпиондар Лигасы 2008/09 (9 гол), Чемпиондар Лигасы 2009/10 (8 гол), Чемпиондар Лигасы 2010/11 (12 гол) Үздік футболшы (Чемпиондар Лигасы) 2008/09 оқырмандар шешімі бойынша — «Марка» және «Ла Газзетта делло Спорт»

"Алтын Бутсы" иегері УЕФА шешімі бойынша Чемпиондар Лигасының Үздік шабуылшысы 2008/09 УЕФА шешімі бойынша Чемпиондар Лигасының Үздік футболшы 2008/09

УЕФА шешімі бойынша үздік футболшы : 2009 Дүниежүзінің ең Үздік Футболшысы ("Алтын Доп" ФИФА): 2009 "Алтын Доп" (France football): 2009. Ең үздік футболшы (Уорлд Соццер): 2009 Еуропадағы жыл футболшысы (Онзе д'Ор): 2009 Үздік футболшы (Цастрол Ранкингс) : 2009/10 «Алтын бутсы»: 2010 Пичичи трофейі: 2010 «Легенда» трофейінің жүлдегері «Марка» Дүниежүзінің Ең Үздік Футболшысы ("Алтын Доп" ФИФА): 2010 Үздік сұрмерген (Испания кубогі): 2010/2011 (Криштиану Роналдумен бірге) Үздік футболшы (Чемпиондар Лигасының финалы) УЕФА 2011

Мәліметтер wikipedia.org сайтынан алынды

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров