Жарнама
Жарнама

Месси MLS сұрмергендер тізімінде қайтадан көш бастады

25.09.2025, 18:30

“Интер Майамидің” Аргентиналық аңызы Лионель Месси “Нью-Йорк Ситиге” қарсы өткен ойында дубль жасап, командасына 4:0 есебімен жеңіс сыйлады.

Жарнама
Жарнама

Осы нәтижеден кейін Мессидің көрсеткіші – 24 гол және 14 нәтижелі пас, небәрі 23 ойында барлығы 38 г/а.

Осылайша, Лео сұрмергендер тізімінде негізгі қарсыласы – “Лос-Анджелес” шабуылшысы Дени Буангадан озып кетті. Буанга маусымдағы 28 матчта 22 гол соғып, соңғы турда “Реал Солт-Лэйкке” хет-трик жасаған еді.

Үшінші орында “Нэшвилл” форварды Сэм Серридж тұр. Оның еншісінде 31 матчта 21 гол бар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров