Жарнама
Жарнама

Месси не себепті «Барселонада» қалды?

05.09.2020, 05:47
Барлығын ашық айтыпты. Мына сөздерінен кейін оның келесі жылы клубтан кететінін білуге болады.
Жарнама
Жарнама

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси бүгін клубта қалу туралы шешім қабылдады. Аргентиналық ойыншы бұл шешімді қабылдауға не түрткі болғанын баса айтты.

"Мен әйелім мен балаларыма клубтан кету туралы айтқанымда, бұл нағыз драма болды. Бүкіл отбасым жылады. Балаларым Барселонадан кетуді қаламады және мектептерін ауыстырғысы келмеді. Бірақ мен алға қарай ұмтылдым.

Мен енді жоғары деңгейдегі жүлделерді жеңіп, Чемпиондар лигасында бақ сынағым келеді. Чемпиондар Лигасы - өте ауыр турнир, мұнда үнемі жеңу мүмкін емес, бірақ сен сонда да таласуың қажет. Тек күресу керек, Римдегі, Ливерпульдегі, Лиссабондағы сәтсіздіктердің қажеті жоқ... Мұның барлығы клубтан кету жайлы ойлауға мәжбүр етті.

Мен кететініме сенімді болдым. Себебі, президент әрдайым маусымның соңында маған шешім қабылдай алатынымды айтатын. Бірақ, Бартомеу бұл шешім жайлы маған 10 маусымға дейін айтпағансың деп отыр. Біз ол кезде тіпті маусымның жалғасатыны жайлы білмедік. Бұл вирус бүкіл маусымның шырқын бұзды.

Сондықтан мен осында қаламын. Президент маған 700 миллион еуро өтемақы төлеген клубқа ғана ауыса аласың деді. Бұл мүмкін емес еді. Ал, екіншісі - соттасу. Клуб маған бәрін берді, мен де соған лайықты жауап қайтардым. Менің басыма ешқашан "Барселонамен" соттасу туралы ой келмеген, өйткені бұл мен жақсы көретін клуб.

Мен "Барселонаны" жақсы көремін және бұдан жақсы жер таба алмайтынымды түсінемін. Алайда, менің таңдау жасауға құқығым бар. Мен бұл мәселелерді шешіп, жаңа мақсаттар қоюды жоспарладым. Мен ертең қайтып келе аламын, өйткені "Барселонада" маған қажеттінің бәрі бар.

Клуб президентіне кеткім келетіндігін айттым. Бұл туралы бір жыл бойы айтып жүрдім. Мен басқа бағытқа қадам басатын уақыт келді деп ойладым. Клубқа жастар керек деп сендім, ал менің командадағы уақытым аяқталды. Өте өкінішті, мен өзімнің мансабымды осында аяқтағым келіп еді. Менің кету туралы шешімім «Баварияға» қарсы матчтағы жеңіліске байланысты емес, бұл туралы ұзақ ойландым. Соңында клуб президенті сөзінде тұрған жоқ.

Бір жыл бойы Бартомеуге кеткім келетінін айттым, менің мансабымда жаңа мақсаттар мен жаңа бағыттар іздейтін кез келді. Ол: «Біз сөйлесеміз, бірақ қазір емес», - деп қайталай берді. Бірақ біз ешқашан нақты әңгімелескен жоқпыз. Ол үнемі маған маусымның соңында шешім қабылдай алатынымды айтты, бірақ ол ешқашан нақты күн белгілемеді. Шындық - бұл клубта ұзақ уақыт бойы нақты жоба болған жоқ, басшылық үнемі жол бойындағы тесіктерді жамап жүрді", - деді Месси Goal басылымына берген сұхбатында.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров