Жарнама
Жарнама

Месси оқу жаттығу жиынына қатыспайды

30.08.2020, 14:40
«Барселона» үшін жағдай қиындап барады.
Жарнама
Жарнама

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси клубқа жаңа факс жіберді, деп хабарлайды RAC1.

Дереккөздің хабарлауынша, аргентиналық футболшы каталондықтарға маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайтынын ескерткен. Ертең, 30 тамызда «Барселона» ойыншылары жаттығуды бастамас бұрын медициналық тексеруден өтуі керек. Месси медициналық тексерістен де өтпейді.

Аргентиналықтың әлі де болса клубтан кетуге дайын екені айтылды. Еске салайық, аргентиналық ойыншы үшін күресте басты үміткер - "Манчестер Сити". Ал "Барселона" Лионельді жібергісі келмейді, сондықтан оны 700 миллион еуро көлемінде өтемақы төлеген жағдайда ғана сатуға дайын. Лионель келісімшарттағы тармақты пайдаланып, Каталониялық клубтан еркін агент ретінде кетуді жоспарлап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров