Жарнама
Жарнама

Месси "Реалға" ауысуы ықтимал

01.04.2011, 17:57
Жарнама
Жарнама

Мадридтің «Реалы» биылғы маусымаралық үзіліс кезінде, тағы да жаңа ойыншыларды сатып алу жолында қомақты қаржы жұмсамақ. «Корольдік клубтың» келесі көздегені әлемнің ең үздік ойыншысы Лионель Месси болып отыр. Реалдың президенті Флорентино Перес Мессиді өз клубының құрамында көру үшін 250 миллион еуроның төңірегінде қаржы жұмсамақ. Оның айтуынша, бұл нәрсені жүзеге асыру біріншіден, «Реалдың» қарқынын күшейте түседі, екіншіден, өздерінің басты қарсыласы – «Барселонаның», қарқынын бәсендетеді. «ОБС» басылымынң айтуы бойынша, Лионель бұл ауысуға мүлдем қарсы емес, және де өзін тәрбиелеп шығарған клубына ширек миллион еуро пайда түсіреді. Католониялық клубтың қарыздары да өсіп келе жатқаны өтірік емес.

Сондай-ақ, Корольдік клуб өз сапында «Атлетик» командасының екі ойыншысын да көруге мүдделі. Олар соңғы әлем біріншілігінде «қызыл фурияның» сапында ойнаған жартылайқорғаушы Хави Мартинесе пен шабуылшы Фернандо Льоренте. Клуб президенті, бұл ойыншыларға 70 миллион еуроның төңірегінде ақша жұмсамақ.

Абылай Қарин
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Эксклюзив-сұхбат
Келесі жаңалық
Моуриньо жеңілді