Жарнама
Жарнама

Месси "Реалға" қарсы ойнамайды, жарақаттың асқыну қаупі жоғары

12.11.2015, 03:23
Жарнама
Жарнама
Аргентина ұлттық құрамасының бас дәрігері Омеро де Агостино "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессидің маусымның маңызды ойындарының бірі-эль-класикоға қатыспайтынына сенімді. Дәрігердің ойынша, Испан Премьерасының 12-ші туры аясында өтетін матчқа толыққанды дайын болып үлгере алмайды. "Менің ойымша, Месси "эль-класикоға" дайын емес. Себебі, уақыт тапшы. Әрине, ол алаңға шығуы мүмкін, бірақ бұндай жоғарғы деңгейлі матчқа алаңдағы ойын өрнегі сәйкес келмеуі, ол да мүмкін. Екіншіден, алаңға шықса жарақаты мүлде асқынып кету қаупі өте жоғары"-деп мәлімдеді Омеро де Агостино. "Реалмен" католондық клуб 21-ші қараша күні қонақта кездеседі.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров