Жарнама
Жарнама

Месси тіркеген рекордтар

20.07.2020, 20:49
Кеше Испания чемпионатының соңғы 38-турында «Алавес» өз алаңында «Барселонадан» (0:5) оңбай жеңілді.
Жарнама
Жарнама

Жексенбінің кешінде екі клуб бір-бірімен 35-рет (Ла Лигада - 30, Испания Кубогында - 5) жолықты. "Барса" - 25, "Алавес" - 5-еуінде басым түссе, 5 матч тең аяқталған. 

Алаң қожайындары "Барселонаны" біріншілікте осыдан 2016 жылы қыркүйекте "Камп Ноуда" (1:2) жеңген. Міне, содан бері осымен 8 ойын қатарынан жеңілді. 

Биыл Каталония ұжымы чемпионат қорытындысы бойынша 82 ұпаймен екінші орын алды. Ал бұл 2007-2008 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш. 

МЕССИ ТІРКЕГЕН РЕКОРДТАР

Дубль авторы Лионель Месси Ла Лигадағы гол санын 25-ке жеткізді. Бір жағынан Лео "Алавеспен" болған 9 ойында 10-голын салды. Ізін қуып келе жатқан Кəрім Бенземаның еншісінде 21 гол. Осылайша "Барса" капитаны 7-рет үздік сұрмергенге тиесілі Пичичи жүлдесін алды. Бұл жағынан да Лео Испания біріншілігінің тарихи жетістігін қайталайды. Енді ол 6 рет Пичичи алған Тельмо Сарраның жетістігінен асып түсті. 

Сонымен қатар бүгін екі нəтижелі пас берген аргентиналық шабуылшы бұл көрсеткішін 21-ге жеткізді. Демек, Месси Примерада бір маусымда нəтижелі пас беруден бұрынғы əріптесі Хавидің (20 нəтижелі пас 2008-2009) рекордын жаңартты. 

Айта кетейік, Испанияда бір маусымда ең көп гол салған да Лео Месси (2011-2012 жылы 50 гол).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров