Жарнама
Жарнама

“Месси үшін Франция өте қолайсыз орта болды” АҚШ құрамасының бапкері “ПСЖ”-дегі жұлдыздармен өткен кезеңін еске алды

06.09.2025, 13:00

АҚШ құрамасының бас бапкері Маурисио Почеттино қазіргі қызметіне риза екенін айтады. Оның сөзінше, ол әрқашан үйреніп, дамуды көздейді.

Жарнама
Жарнама

Испаниялық журналист Хосеп Педреролға берген  сұхбатында Почеттино "Париж Сен-Жерменді” жаттықтырған кезін еске алды. Ол кезде команда құрамында Лионель Месси, Анхель Ди Мария, Неймар мен Килиан Мбаппе сынды жұлдыздар болған.

Почеттиноның айтуынша, дәл сол кезең оны бүгінгі бапкер еткен. Месси, Мбаппе және Неймар сынды ойыншыларды басқару үшін ол әрдайым жылдам әрі қиын қадамдар жасауы керек болған.

"ПСЖ"-да мен осындай деңгейдегі ойыншылардың міндеттерін түсінуді үйрендім. Мысалы, Мбаппені алаңда дұрыс позицияға қою керек, сонда ғана ол қарсыласты қинайды. Егер оны қорғауға немесе прессингке көп жұмсасаң, онда оның басты қаруы  гол соғу қабілетін төмендетесің.” – деді ол.

"Месси, Мбаппе және Неймармен қайта жұмыс істер едім"

Почеттино үштікті қайта жаттықтыруға еш күмәнсіз келісетінін айтты. Қазір тәжірибесі де, ал ойыншылар оны жақсырақ білетіндіктен, әлдеқайда мықты команда шығарар едік деп сенеді.

"Мен Месси, Мбаппе және Неймар ойнайтын командаға қайта оралар едім. Қазір жинаған тәжірибеммен мен оларға көбірек нәрсе бере алар едім, ал олар да мені жақсырақ түсініп, әлдеқайда мықты ұжым жасайтын едік." – деді ол.

Сонымен қатар бапкер Мессидің Франциядағы алғашқы кезеңі оңай болмағанын жасырмады.

"Леоның жағдайында Франция өте қолайсыз орта болды. Ол маусым алдындағы дайындықсыз келді, үлкен эмоционалдық соққыдан кейін, сондықтан бәрі оңай болған жоқ. Мен үшін бұл ауыр болды, өйткені оған жағдай жасалмады атмосфера тым агрессивті еді. Дегенмен, мен онымен жұмыс істегенімді мақтан тұтамын.” – деп түйіндеді Почеттино.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров